Саясат • 27 Қаңтар, 2020

Шетелдік көлікті тіркеу керек

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы кезде Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресейде тіркеуде тұрғанымен елімізде жүрген көліктерге қатысты келеңсіз жағдайлар жиілеп кетті. Көліктерді тіркетуге себеп көп.

Шетелдік көлікті тіркеу керек

Атап айтар болсақ, шетелдің нө­мерімен жүрген көліктер туралы ақпарат алу қиын. Бұл Ішкі іс­тер министрлігінің жұмы­сын қиын­датады. Министр­лік ақпарат аз­дығынан қа­жет жағдайда жылдам әрі тиісті шаралар қолдана ал­майды. Сонымен бірге жол ере­­­жесіне қатысты заң бұзу­шы­лық 2019 жылы 3,5 есеге өсіп отыр. Яғни, шетелдік көлік­тер­дің заң бұзу факті­лері былтыр 27 мың­­нан 90 мыңға жеткен. Оған қоса барлық заң бұзу­шы­лық­тың 12 па­­йы­зын құ­рай­ды. Бұл көлік­терді тір­­кеу­ден өткізуге тағы бір себеп.

Мемлекет басшысы Үкі­меттің кеңейтілген отырысында еліміздегі шетелден әке­лінген көліктерді тіркеуге уақыт берілетінін хабарлады. Бұл жүргізушілерге жасалған жақсы мүмкіндік. 1 жыл қажет төлемдерін төлеп, тіркеуден өткізуге жетуі керек. Ал бұған дейінгі ереже бойынша көлікті 10 күн ішін­де тіркеуі керек еді. Алай­да көріп отырғанымыздай, көлік ие­лер­і салғырттық танытқан. Оған мемлекет территориясына кірген 200 мыңға жуық көліктің 40 мыңы ғана тіркеуден өткені дәлел. Сонымен бірге Президент тиісті атқарушы органдарға шетелден көлік әкелу ретін жүйе­лендіруді тапсырды.

 

Бекжан САДЫҚОВ,

Президент жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-экономикалық зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері