Теннис • 27 Қаңтар, 2020

Үшінші кезеңге өте алмады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан теннистен Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыққан үш жерлесіміз де жеңіліп қалды.

Үшінші кезеңге өте алмады

Ең бірінші кортқа шыққан еліміздің бі­рінші ракеткасы Елена Рыбакина жарыс қожайыны және әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Бартимен күш сынасты. Екі сетке созылған бәсекеде жерлесіміз 3:6, 2:6 нәти­жесімен қарсыласына есе жіберді. Үшін­ші айналымда Симона Халеппен кездескен Юлия Путинцева 1 сағат 19 минутқа со­зыл­ған тартыста 1:6, 4:6 есебімен жеңілді. Сон­дай-ақ Зарина Диастың да Нидерланд тен­нисшісі Кики Бертенске шамасы жетпеді. Әлемнің 10-ракеткасына қарсы өткен бәсеке 2:6, 6:7 есебімен Бертенстің пайдасына шешілді.

Ал ерлер арасындағы жұптық бәсекеде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик турнирдің ширек финалына шықты. Енді біздің спортшылар жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Джеймс Дакворт және Марк Полманспен күш сынасады.