Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз мексикалық Рикардо Ларамен жекпе-жек өткізді. 10 раундқа жоспарланған кездесудің екінші үш минутында Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген соң, төреші жекпе-жекті тоқтауға мәжбүр болды. Осылайша отандасымыз карьерасындағы 18-ші жеңісіне оп-оңай қол жеткізсе, мексикалық боксшы сегізінші мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.