Абай • 27 Қаңтар, 2020

«Біздің Абай» трамвайы жыл бойы жүреді

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өлеңдерінен үзінділер жазылып, арнайы сөрелерге ой алыбының шығармалары қойылған.

«Біздің Абай» трамвайы жыл бойы жүреді

Өскеменде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Біздің Абай» атты ерекше трамвай жолға шықты.

тр

Ерекшелігі сол, қоғамдық көліктің сыртында ақынның суреті бедерленсе, ішіндегі қабырғаларына һәкімнің нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінділер жазылып, арнайы сөрелерге ой алыбының шығармалары қойылған.

абай

аб

«Бұл трамвайды жуықта күрделі жөндеуден өткіздік. Жолға шығарар алдында осындай ой келді. Осы арқылы біз ұлы Абайдың рухани мұрасын насихаттағымыз келеді» дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

жақ

Өзгеше трамвайдың іші-сыртын безендіруге Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана айрықша үлес қосыпты. Трамвай жолға шыққан алғашқы күні кітапхана қызметкерлері жолаушыларға ақынның «Қара сөздері» кітабын және шығармаларынан үзінділер жазылған күнтізбелерді тарту етті.

апа

«Көлік ішіндегі мерекелік көңіл күйге бөленген жұртшылық арнайы телеэкран арқылы Абай өмірі және мұрасымен танысты. Әдеби трамвай іші Абайдың тағылымға толы қара сөздері мен өлеңдерінен алынған үзінділермен, танымал тұлғалардың ақын туралы ой-пікірлерімен өрнектелген. Сонымен бірге жұртшылық Абай кітаптарымен танысып, қалаған шығармасын алып оқуларына да мүмкіндік бар. Абай өмірі мен шығармашылығында айшықты орын алатын тұлғалар – Ш.Құдайбердіұлы, Е.Михаэлис, А.Пушкин атындағы аялдамаларда қысқаша тарихи деректер беріліп отырады. Бұл №3 әдеби трамвай жолаушыларды діттеген жеріне жеткізумен бірге рухани білімдерін байытуға да ықпал етеді деп үміттенеміз» дейді қалалық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.

ӨСКЕМЕН