Үкімет • 27 Қаңтар, 2020

Мақсат – жол сапасын жақсарту

44 реткөрсетілді

Жолдар салу, жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарының барлығы ең бірінші кезекте жол инфрақұрылымын жақсартуға, яғни қазақстандықтардың өмір деңгейін көтеруге бағытталған. Өткен жыл қорытындысында республикалық маңыздағы жолдардың 88%, ал жергілікті жолдардың 71%  жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы еліміздің автожол саласында елеулі өзгеріс болды. Жалпы пайдаланудағы автожолдардың, елді мекендердегі және қалалардағы жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Содан бергі 9 ай ішінде Орталық мамандары автожолдарды 8 мың рет тексеріп, 5 мыңға тарта бұзушылық анықтады. Құрылыс материалдарының 12 мыңнан астам сынамасын алып, зерттеді. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы жолдарында қалыңдығы мен тығыздығының жеткіліксіздігі, асфальт-бетон жабынының суға қанығу нормасының асып кетуі сияқты өрескел қателіктер анықталды. Нәтижесінде 700 млн. теңге сомаға ескертулер жойылып, мердігер ұйымдар, жобалаушылар мен техникалық қадағалау қызметтері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шараның барлығы елдегі жолдар сапасын жақсартуға бағытталған.             

Өңірлер арасында жақсы жол жабыны бойынша Маңғыстау облысы көш басында. Онда жолдардың 93% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал соңғы орында жолдарының 31% ғана жақсы көрсеткшке ие Батыс Қазақстан облысы тұр. Республикалық жолдарының жағдайы 100% жеткен өңірлер де бар, олар – Қызылорда және Түркістан облыстары. Атырау облысында республикалық жолдар сапасы бүгінгі таңда 66% шамасында. Бұл - өңірлер арасында ең төменгі параметр. 

Жол бойындағы қызметтер жақсы және қолайлы болмай, жол желісі де сапалы болмайды. Қр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұған ерекше көңіл бөліп отыр. Қазір республикалық жолдар бойында 1803 қызмет көрсету нысаны жұмыс істесе, олардың 883-і немесе 49% ғана Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. Әкімдіктердің белсенді қызметі нәтижесінде Атырау, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстары жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бұл өңірлерде жол бойы қызметінің сапасы 50%-дан асады. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында керісінше ол 40%-да жетпейді.  

Жуырда қабылданған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы сапалы көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. Ол халық үшін ыңғайлы және қолжетімді болып, еңбек өнімділігі мен өмір сапасын арттырады. Нәтижесінде республикалық жолдардың 100%, облыстық және аудандық жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілікке үндейтін бастама

Аймақтар • Бүгін, 11:03

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Еңбекақы көлемін ұлғайтты

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Бабыр баба шапаны

Таным • Бүгін, 07:23

Олар ешкімнен кем емес

Руханият • Бүгін, 07:18

Жалғыз қолмен жиһаз жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:17

Заманауи кәріз жүйелері керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Сергелдеңге салған сертификат

Аймақтар • Бүгін, 07:02

Сазгердің «Мәңгі көктемі»

Таным • Бүгін, 06:58

Ер қазақ еді Ераға

Таным • Бүгін, 06:56

Еліміздегі ең алып кітап

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Тағайындау

Президент • Бүгін, 06:50

Жұрт тілегі назарға алынды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сот ісін жүргізу цифрландырылады

Парламент • Бүгін, 06:13

Ұқсас жаңалықтар