Қоғам • 27 Қаңтар, 2020

Елордада қар тазалауға 1548 жол жұмысшысы шықты

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қаңтардан 27-не қараған түні қала сыртына 8 685 текше метр қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада қар тазалауға 1548 жол жұмысшысы шықты

Өткен түні елорда көшелерін қардан тазарту жұмыстарына  1 051 техника  бірлігі жұмылдырылып, 132 жол жұмысшысы шыққан болатын.

Нәтижесінде, 723 рейс жасалып, 8 685 текше метр қар полигондарға төгілді. Бүгін қар тазалау, шығару жұмыстарына 1206 техника бірлігі мен 1548 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жалпы қыс басталғалы бері шығарылған қар көлемі  2 371 244 текше метрді (197 603 рейс) құрайды.


Соңғы жаңалықтар