Бұған дейін 31 адам қаза тауып, 1607 тұрғынның зардап шеккені айтылған еді. Айтпай келген апаттан соң 100-ден астам адам ауруханаға түкен.
Зілзала салдарынан 76 ғимарат қирап, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келген. 425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданды. Жер сілкінісінен кейін 599 афтершок тіркелді.
Еске сала кетейік, Түркияның шығысында 24 қаңтар күні жергілікті сағат 20.55-те жер сілкінді. Зілзаланың ошағы Сивридже қаласы маңындағы Элязыг провинциясында тіркелген. Алғашқы магнитудасы 6,8 балдық болса, кейінірек 5,4-тен 3,5-ке дейінгі балдық жер сілкінісі болған.