Басылымның мәліметтері бойынша, «Катюшадан» шығарылған бес зымыран үкіметтік ғимараттар мен шетелдік елшіліктер орналасқан Ирак астанасының Жасыл аймағында құлап кетті. Америкалық елшілік қызметкерлерін тікұшақпен эвакуациялайды.
Атыс салдарынан зардап шеккендер бар, олардың ұлты әзірге анықталмаған.
CNN хабарлағандай, зымырандардың бірі АҚШ елшілігінің аумағында орналасқан мейрамханаға түскен.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті зымырандық атыс туралы ақпаратты растады.
«Қауіпсіздік саласындағы жағдай шиеленіскен, ал Иран қолдаған қарулы топтар қауіп төндіруде. Сондықтан біз қырағылықты сақтаймыз» деді мемдеп өкілі және Ирак Үкіметін дипломатиялық нысандарды қорғау бойынша өз міндеттемелерін орындауға шақырды.
Мемдепартаменттің мәліметтері бойынша, қыркүйек айынан бастап Иракта орналасқан американдық персоналға қарсы Тегеран қолдайтын Иран Үкіметі немесе милиция тарапынан 14-тен астам шабуыл жасалды.