27 Қаңтар, 2020

Ингушетия Үкіметі екінші рет отставкаға кетті

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ингушетия басшысы Махмуд-Али Калиматов дүйсенбіде соңғы бес айда екінші рет өңірлік Үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Ингушетия Үкіметі екінші рет отставкаға кетті

«Менің шешіміммен Ингушетия Республикасының үкіметі отставкаға кетті» деп жазды Махмуд-Али Калиматов Instagram желісіндегі аккаунтында. 

2019 жылы қыркүйекте Калиматов Ингушетия басшысы болып сайланғаннан кейін Үкіметті тарату туралы жарлыққа қол қойды. 12 қазанда Парламент Республиканың Премьер-Министрі қызметіне Константин Суриковты тағайындауды мақұлдады. Осыдан кейін өңір басшысы Үкіметте біршама ауыс-түйіс жасады, алайда Министрлер кабинетін жасақтау шарасы толыққанды аяқталмаған еді.