Қоғам • 27 Қаңтар, 2020

Елордада төтенше жағдай жарияланды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты елордада жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада төтенше жағдай жарияланды

Хабарламаның жариялануына өмірді қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы, адамдарды уақытында тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жеткізу, сонымен қатар тамақ пен медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі себеп болды.  Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты барлық қызметтер күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды.

Елордада бірінші және екінші ауысымдағы 0-12-сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.  

Мемлекеттік органдардың, оқу орындарының, бизнес нысандарының (базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары), құрылыс және басқа да мекеме басшыларына жұмыс күнін қысқартуды ұсынамыз.  Қала өмірін қамтамасыз етуші ұйымдар, атап айтқада өрт сөндіру бөлімі, полиция, төтенше жағдайлар қызметі, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер және коммуналдық қызметті штаттық режимде жұмыс істейді.