Ұшақ Газни қаласының Дех Як ауданында, Кабулдан оңтүстік-батысқа қарай құлаған.
Қолда бар мәліметке сәйкес, ұшақ техникалық себептерге байланысты құлап, өртке оранған.
Бастапқыда әуе кемесі Ariana Airlines әуекомпаниясына тиесілі делінген, алайда компания өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Құрбандар туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Ақпарат қосымша мәліметтердің түсуіне қарай жаңартылады.