Қоғам • 27 Қаңтар, 2020

Елорда жастары мобильді көмек топтарын ұйымдастырды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының күрт құбылуына байланысты елорда жастары «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырып келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елорда жастары мобильді көмек топтарын ұйымдастырды

Акция аясында волонтерлер жалғызбасты қариялардың ауласындағы қарды тазалап, елорда тұрғындарына ыстық шай таратады, сондай-ақ, жүргізушілерді балалы әйелдерді, қарт адамдарды тегін тасымалдауға шақырады. Өткен демалыс күндері волонтерлер тәулік бойы жұмыс істейтін коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бәліш таратты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция қала тұрғындарын бір-біріне қайырымды болуға шақырады.

«Біз астананың әрбір тұрғынын мұқтаж адамдарға көмектесуге және «Біз біргеміз» акциясына қосылуға шақырамыз» деді қалалық волонтерлер штабының төрағасы Шыңғыс Тілеулин.

«Біз біргеміз» акциясы елордалықтар арасында бірден қолдау тапты. Қала тұрғындары қарды тазалауға белсене қатысып, әлеуметтік желілерде #Бізбіргеміз хештегімен видеолар мен фотосуреттер жариялап жатыр.

1