Айдын иелері ойын барысында сол кеткен есені қайтаруға күш салған еді. Оған қазақстандық хоккейшілер мүмкіндік берген жоқ. Елордалық клуб алғашқы минуттан шабуыл шебінде сенімді ойын көрсетті. Бірінші кезеңнің 15-минутында «Барыс» шабуылшысы Корбан Найт мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін қос команда тарапынан есепті өзгертетін қауіпті сәттер кездескен еді. Алайда таблодағы есеп сол күйінше қалды. Екінші кезеңнің 21-минутында «Автомобилист» таразы басын теңестіріп кеткен еді. Бұл голды Рафаэль Батыршин өзінің еншісіне жазды. Бұдан кейін «Барыс» сапынан Никита Михайлис 31, Линус Виделль 38-минуттарда мергендік көрсетті. Ал 54-минутта ресейлік Евгений Мозер есеп айырмасын қысқартты. Ойынның бітуіне 21 секунд қалғанда қарсылас команда бос қақпасына Найджел Доус гол соғып кетті. Осылайша «Барыс» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клуб жалпы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал шығыс конференциясында және Чернышев дивизионында өз орнын сақтап қалды.