Қоғам • 28 Қаңтар, 2020

25 мың көп балалы отбасы – жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізгендер.

25 мың көп балалы отбасы – жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді

«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келіп тиісті жәр­демақыны рәсімдей алады. Осы­ған дейін жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы тү­рін алушылар тізімінде бар-жо­ғын 1411 call-орталығы мен Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», дейді «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайы­мы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отба­сыға мемлекеттік жәрдемақы та­ғайын­далған, оның 246 мыңы – бұған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөліністе жыл басынан бері жәрдемақының рәсім­делуіне Түркістан облысынан көп өтініш қабылданған. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қа­ла­сының тұрғындары тұр.

Естеріңізге салайық, 2020 жыл­дан бастап отбасында бірге тұра­тын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелет жасына толғаннан кейін білім беру ұйымдарын тә­мамдағанға дейін (23 жасқа дейін) орта, техникалық және кә­сіптік, орта білімнен кейінгі, жо­ғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқи­тын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мем­ле­кеттік жәрдемақы көлемі – 4 баласы барларға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше