Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда 2019 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы міндеттер белгіленді. Отырысқа Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты.

Жиында алдымен сөз алған ведомство басышысы атқарылған жұмыстармен қатар, тың жобалар мен жүйелі жоспарларды алға тартты.
– Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылғанына бір жылға жетер-жетпес қана уақыт болды. Мен өз кезегімде 2020 жылға негізделген басым бағыттар мен негізгі мақсаттарға тоқталғым келеді. Біз жетекшілік ететін барлық бағыттарды дамыту бойынша нақты жоспарымыз бен стратегиямыз бар. Маңызды шаралар жоспарлануда. Ақпарат саласына тоқталар болсақ, өздеріңіз білетіндей Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатқа жету үшін министрлік бірқатар жоспар құрды, – деді Д.Абаев.
Оның айтуынша, біріншіден, халықпен кері байланыс арналарының жұмыстарына жүйелі түрде мониторинг жүргізу және талдау жасау қажет. Барлық мемлекеттік органдар халықпен жұмыс жүргізу бойынша жауапты бөлімше тағайындап, олар тікелей бірінші басшыға бағынуы тиіс. Екіншіден, мемлекеттік органдар ақпараттық қызметінің белсенділігін арттырғаны жөн. Мемлекеттік органдардың БАҚ өкілдерімен байланысының тиімділігін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізу жоспарлануда. Үшіншіден, мемлекеттік органдар мен заң жобаларын қарайтын жұмыс топтарының, қоғамдық кеңестің отырыстарын онлайн көрсету жалғасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған ұлттық стратегиялық жоспарын құру туралы тапсырма бергенін айтқан министр, құжат аясында отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты жұмыстар қолға алынатынына тоқталды. Осыған байланысты бірқатар шара әзірленуде. Біріншіден, мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыру жұмысы жалғасады. Бұл үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс тетіктері қайта қаралады. Нарықтық бағаны енгізуде санға емес, сапаға мән беріледі. Халық арасында сұранысқа ие мультимедиялық контенттің жарияланған саны емес, ғаламтор желісіндегі таралымына қолдау білдіріледі. Екіншіден, коммерциялық телеарналар мен радио стансалардың цифрлы эфир таралымы өз бағытын табуға қолдау көрсетіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік саясат тапсырысын орындауда телеарналар мен интернет ресурстардың аудиторияларын медиабағалау үшін 2021 жылы арнайы жүйе құрастырылмақ. Осылайша интернет-телеарналарды реттеу бойынша нормалар әзірленеді. Өткен жылы министрлік БАҚ саласындағы заңнаманы және ақпаратқа қолжетімділікті оңтайландыру мақсатында жоба дайындады. Онда бірқатар мәселе қамтылған.
Отырыста радиохабарларды тарату мәселесі де назардан тыс қалмады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында радиохабарларды дамытуға ерекше көңіл бөлген болатын. Бұл ретте радиохабарлар таратуды дамытудың Жол картасын әзірлеп бекіту, сонымен қатар цифрлы радионы енгізудің концептуалдық тәсілдерін анықтау жұмысы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлиноваға жүктелді.
– Былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді. Биыл «Казахстанская правда» газеті мен «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне 100 жыл толады. Осы мерейтойларды да өз деңгейінде өткізу керек. Бірақ бір ескеретін дүние, Мемлекет басшысы атап өткендей, ағартушылық бағытындағы шараларға басымдық берілуі керек, – деді Д.Абаев.
Министр «ҚазМедиа» орталығының технологиялық ядросын жаңарту мен отбасылық-гендерлік саясатты дамыту жоспарына да тоқталды. Оның айтуынша, 2030 жылға дейін отбасылық-гендерлік саясаттың екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісу қажет. Бұл жұмыс көп балалы отбасыларды, жалғызбасты аналарды қолдау шараларын күшейтуді, дағдарыс орталықтарының, әлеуметтік қызметтердің жұмысын жетілдіруді көздейді. Сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу де маңызға ие.
Жастарға арналған арт-хабтың да маңызы зор. ЭКСПО павильонындағы бұл шығармашылық алаң жастарға арналған бірегей заманауи басқосу орны болмақ. Онда жастар өз жобалары мен бастамаларын қолға алады. Сонымен қатар «Зере» жастар танымдық лагері, Бесінші республикалық әкелер форумы және Халықаралық сараптамалық форум, Қазақстан мен Ресей волонтерлік кеңесінің құрылуы да назарда болады.
Министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының амбассадорлары жобасын жүзеге асыру қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігі бойынша сараптамалық баяндама жасау көзделуде. «Қазақстанның киелі жерлерінің» танымалдылығын арттыру мақсатында «2gis» картасына бірқатар нысанның орналасу орны енгізіледі. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.
Дін мәселесіне қатысты да шаралар жоспарланған. Яғни саланы дамыту бойынша стратегиялық ортамерзімді жоспар әзірлеу қажеттігі бар, өйткені 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың мерзімі аяқталады.
Д.Абаев «Жусан» операциясы арқылы Отанға оралған қыз-келіншектерді 100 пайыз оңалту туралы сөз қозғады. Министр бұл тек психо-эмоционалдық кеңес қана емес, әлеуметтік қолдау екенін де айтты. Сондай-ақ осы жылы Дінтанушылар форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІХ отырысы ұйымдастырылады.
Д.Абаев қандастарды қолдауды жалғастыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын әзірлеу қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, алда Отандастар форумы мен шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. 12 елде қазақ тілін үйретуге қатысты 31 онлайн сабақ жүргізу мен 7 мемлекетте қазақтың мәдени-іскерлік үйлерін ашу қажеттілігі бар. «Қандас» статусын «Бір терезе» қағидаты бойынша беру қызметін іске қосу қажеттігі де күн тәртібінде тұр.
Алқа мәжілісі барысында негізгі баяндамашыларды тыңдағаннан кейін Б.Сапарбаев алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асу барысына тоқталды.
– Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанда негізгі мақсат ретінде халқымызға тән әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, салтымызды дәріптеу арқылы ел бірлігін нығайтуға үлкен көңіл бөлген еді. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
«Рухани жаңғыруға» қатысты пайымын Б.Сапарбаев «Туған жер» бағдарламасымен сабақтастырды.
– «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды, азаматтарды өзінің Отанын сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімін әрі қарай арттыру. Елбасы осыдан екі жыл бұрын «Ауылым – алтын бесігім» акциясын бастаған болатын. Бұл қос бастаманың мемлекет болашағы үшін мәні зор, – деді Б.Сапарбаев.
Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың баспасөз қызметін үйлестіру бойынша дұрыс бастама көтерілгенін де атап өтті. Оның айтуынша, баспасөз қызметтері мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстарын халыққа жедел жеткізуі керек.
– БАҚ – билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Ақпарат – уақтылы һәм шындықтың шырағданы болған кезде ғана маңызға ие. Егер БАҚ өкілдері тұрғындарға дұрыс әрі уақтылы ақпарат беретін болса, олар да билік, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстан хабардар болар еді. Осы орайда жұмысты жетілдіру қажет деп ойлаймыз, – деді Б.Сапарбаев.
Отырыс соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, ойларын ортаға салды.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар