Қысқы спорт • 28 Қаңтар, 2020

Қоржынымыз бос қайтты

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айының 9-22 аралығында Швей­царияның Лозанна қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы қыс­қы Олимпия ойындарында Қазақ­стан құрамасының қоржыны тұңғыш рет бос қайтты.

Қоржынымыз бос қайтты

Жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақ­станнан спорттың 9 түрі бойынша 26 спорт­­шы аттанған болатын. Бір әттеген-ай дейтініміз, бірде-бір спортшымыз жеңіс тұғы­­рына көтеріле алмады. Ең алғаш 2012 жылы Аустрияның Инсбрук қаласында өткен ақ қар, көк мұз үстіндегі аламанда Қазақ­­станнан барған 38 жас спорттың 10 түрі­нен бақ сынап, бір күміс, екі қола медаль ол­жалаған болатын.

Ал 2016 жылы Норвегияның Лиллехам­мер қаласында жалауы желбіреген Олим­пия ойындарында отандастарымыз ел қор­жынына төрт жүлде салған-ды. Викингтер елінде өткен аламанға 17 жас спорттың 9 түрінен қатысты.

Енді 2024 жылғы жасөспірімдер ара­сындағы IV қысқы Олимпия ойындары Оң­түстік Кореяның Канвондо қаласында өтеді.