Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Полицейлер мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек берді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға көмек беруді де естен шығармайды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полицейлер мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек берді

Бейнеу аудандық полиция бөлімі, оның ішінде тергеу, анықтау және криминалистика топтарының қызметкерлері
«Қайырымдылық - ізгі іс» тақырыбында Бейнеу ауданында тұратын, тұрмыстық жағдайы төмен, әке-шешесінің қамқорлығынан айырылған екі отбасының мекен-жайларына барып, қайырымдылық көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

- «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, жәрдем танытуға келгендеріңізге үлкен рахмет, деп аудан сақшыларына өзінің ризашылығын білдірді қарт әже.