Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Павлодар облысы жолдарында 300-ден астам көлік тұрып қалған

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, қалың қар түсуіне орай  Ленин кенті маңында  - 60, Қалқаман кенті маңында - 100, Екібастұз қаласына қарай өтетін көпір жанында - 40, Шідерті маңында - 60, Успен ауданында – 18, Шарбақты ауданында 6 автокөлік тұр.      

Павлодар облысы жолдарында 300-ден астам көлік тұрып қалған

Қазір Нұр-Сұлтан қаласына қарай жол әлі ашылған жоқ. Сондықтан көліктер жолда тұрып қалған. Жүргізушілерді жергілікті әкімдіктер жағдайларын жасап, орналастыруда.

Күні-түні автожолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 52 арнайы техника жол бойында жұмыс жасауда.

Бірақ арнайы жол тазалау көліктерінің  аз болуына орай, қардан уақытылы тазарту мүмкіндік бермеуде.

Басқарманың мәліметінше, жол бойында  барлығы 15 бекет орнатылған. Жол-патрульдік полициясының 15 автомашинасы автожолдардың жабылуына орай қозғалыс бағыттарын  қадағалауда.

Жол бойындағы ауылдарда эвакуациялық пункттер жұмыс жасайды. Полицияның учаскелік инспекторлары да жағдайды бақылауда.

Павлодар облысы