Руханият • 28 Қаңтар, 2020

Тайжарыстан оза шапқан өнерпаздар марапатталды

45 реткөрсетілді

Алматыда мектеп оқушылары мен колледж студенттері  арасында «Тайжарыс-Талант» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «SCENE OF ART`S» байқауы өтті.

Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мамандары бұл байқаудың ұлттық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштікті дарытуымен ерекшеленетіндігін атап өтті. Байқауда жас таланттар ән айту, би билеу және де инструменталды нөмірлерімен ерекшеленді. Олардың қатарында қолданбалы өнер шеберлері де бар.

Байқауда өнерпаздар орындаған нөмірлер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Қазақ радиосының журналисі, «Тайжарыс-Талант» қоғамдық қорының президенті Гүлбағыш Бостан байқауға қатысқан әрбір өнерпаздың бойында әнге, биге, шығармашылықтың өзге де түрлеріне деген ынтасы, ықыласы сахнадағы әрбір қойылымға ерекше серпін беріп, әрбір образды жоғары деңгейде орындады деп атап өтті. Осы орайда С.Майғазиевтің «Smart» өнер мектебінің, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы №139 гимназия оқушыларының Болат Мамытбековтың жетекшілігімен Ш.Айтматов шығармасының желісі бойынша сахналаған «Мәңгүрт» драмалық қойылымын ерекше атап өтуге болады.

Осы байқауда оза шауып, тайжарыстың Бас жүлдесіне «Көкіл» ансамблі ие болса, төрт жас пен жеті жас аралығындағы байқауда «Айгөлек» бала бақшасының тәрбиеленушісі, «Smart» өнер мектебінен  қатысқан 4 жасар Кәусар Серік «Қазақ елі» әнін шырқап І орынға ие болды. Ал жас домбырашылар арасында  «Серпер» тобы мен «Дәусары» тобы І орынды еншілеп, жоғары топтан І орынды «Қарлығаш» қобызшылар тобы қанжығасына байлады.

3

П.Чайковский атындағы музыкалық мектептің фортепиано класының ұстазы, халықаралық байқаулардың лауреаты Дина Базарова, «Салтанат» би ансамблінің бишісі, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты  Жанна Макишева, ««Smart» өнер  мектебінің жетекшісі Әлия Сапарқызы, «Bibi Studio» жетекшісі Бибігүл Есімбаева сынды қазылар алқасының құрамында болған кәсіби мамандар жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, шығармашылық қадамдарына сәттілік тіледі.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілікке үндейтін бастама

Аймақтар • Бүгін, 11:03

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Еңбекақы көлемін ұлғайтты

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Бабыр баба шапаны

Таным • Бүгін, 07:23

Олар ешкімнен кем емес

Руханият • Бүгін, 07:18

Жалғыз қолмен жиһаз жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:17

Заманауи кәріз жүйелері керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Сергелдеңге салған сертификат

Аймақтар • Бүгін, 07:02

Сазгердің «Мәңгі көктемі»

Таным • Бүгін, 06:58

Ер қазақ еді Ераға

Таным • Бүгін, 06:56

Еліміздегі ең алып кітап

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Тағайындау

Президент • Бүгін, 06:50

Жұрт тілегі назарға алынды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сот ісін жүргізу цифрландырылады

Парламент • Бүгін, 06:13

Ұқсас жаңалықтар