Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Таразда «Аntikor ortalygy» ашылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Аntikor ortalygy» – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі.

Таразда «Аntikor ortalygy» ашылды

«Бұл орталық халықтың ашық алаңына айналып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу бағытында үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Н.Шабдар.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бұл Қазақстан бойынша ашылған орталықтардың он екіншісі. Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының маманы және процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады. Сонымен қатар мұнда «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, арнайы мониторинг топ және үгіт-насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында ғимаратта Департаменттің баспасөз орталығы орналастырылған.