Тағайындау • 28 Қаңтар, 2020

Жанат Элиманов Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

52 реткөрсетілді

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) прокуратура органдарында жұмыс істеген.

2007 жылдан 2017 жыл аралығында Әділет және Қаржы министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

2017 жылдан 2019 жыл аралығында Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айы мен сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Келелі келісім кепілі

Саясат • Бүгін, 07:34

Жаңалығы көп жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:29

Ел қоржынына кезекті жолдама түсті

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:09

Финалда есе жіберді

Теннис • Бүгін, 07:05

Қарасазға ақпанда аққу қонды

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Есқараның Таня – Тана әжесі

Руханият • Бүгін, 06:40

Алаштың ұясынан ұшқан ғалым

Руханият • Бүгін, 06:35

Қажымұқанның қос қанаты

Таным • Бүгін, 06:35

Таным мен тағылым

Абай • Бүгін, 06:30

«Пайда ойлама, ар ойла»

Сұхбат • Бүгін, 06:15

Газдан туған «наз»

Руханият • Бүгін, 06:10

Қауіпті су қоймалары

Қоғам • Бүгін, 06:05

75 күймен рекорд жаңартты

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар