Қысқы спорт • 28 Қаңтар, 2020

Швейцарияда биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ленцерхайде өңірінде биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Швейцарияда биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр

Кеше 15 шақырымдық жекелей сында ерлер жарыс жолына шықты. Қазақстан құрамасы атынан бақ сынаған спортшылар нәтижесі төмендегідей:

Владислав Киреев екі айып уақытымен  5-ші болып мәреге келді. Ал Александр Мухин 24-ші (4 айып уақыты), Дастан Делдеш 87-ші (7 айып уақыты), Бекентай Тұрлыбеков 89-орын алды.

Жарыс қорытындысы бойынша германиялық Макс Барчевитц (40:15.8) алтын, норвегиялық Вебйорн Соэрум (+18,7) күміс, швейцариялық Себастьян Сталдер (+46,7) қола жүлдеге ие болды. Әлем чемпионаты 2 ақпанға дейін жалғасады.