Президент • 28 Қаңтар, 2020

Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты

70 рет көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дубайдағы «EXPO-2020» халықаралық көрмесінде салынатын Қазақстан павильоны таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаһандық іс-шара 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Ақыл-ойды ұштастыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыппен өтеді.

«EXPO-2020» көрмесін дамыту жөніндегі басқарушы директор Ахмед әл-Хатибтің айтуынша, көрмеге 20 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.  

Қазақстан павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің негізгі павильонына жақын жердегі «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде орналасады. Ұлттық экспозиция бірнеше бөліктерге бөлінген. Онда өңіріміздің әлемде алатын орны, еліміздің туристік әлеуеті, тарихы, мәдениеті және астанасы туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар көрмеге келушілер Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет ала алады. Интерактивті шоудың соңында павильон қонақтарына жасанды интеллектінің адамзат болашағына әсері туралы айтылады.

Соңғы жаңалықтар

Семейге «Сергек» орнатылады

Аймақтар • Бүгін, 14:56

Әкім ақынға құрмет көрсетті

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Алматыда халықаралық форум өтті

Аймақтар • Бүгін, 14:27

Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты

Коронавирус • Бүгін, 09:18

COVID-19: Сыры қашан ашылар?..

Коронавирус • Бүгін, 08:35

Алғыс арқалаған азамат

Медицина • Бүгін, 08:34

Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса

Медицина • Бүгін, 08:31

Ұқсас жаңалықтар