Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Талдықорғандық жеткіншек – Еуропа чемпионы

46 реткөрсетілді

Былай қарағанға спорттың беймәлім түрі сияқты көрінетін капоэйро жекпе-жек өнері осы ғасырдан бастап қана қазақ топырағында қанат жайған екен. Бразилияда бастау алған жекпе-жектің арғы түбі акробатика мен ырғақты биге барып тіреледі.

Әлемді би ырғағымен бау­раған карнавалдар елін­де сұрыпталып, түрлі сынақ­тан өткен жекпе-жекке «Аше Капоэйра» деген ресми атау берілген. Мұның не­гі­­зін бра­зиялиялық атақты би шебері, спортшы Гранд Меш­трэ Баххао қалаған. Спорт­тық жекпе-жек түрі ре­тінде ең жас өнер болып та­ныл­ғанымен, капоэйромен шұ­ғылданушылар қатары бір қа­уым елге айналыпты. Қазір бұл спорттан дүниежүзілік жа­рыстар өтіп тұрады. Тіпті алыс құрлықтан басталған өнер даңқы Талдықорғанға дейін жетіп үлгерген. Осы жекпе-жектен өткен әлемдік додаға Жетісу жерінің ғана емес, жалпақ Қазақстанның на­мысын қорғап барған жет­кін­шек Еуропа чемпионы ата­ныпты.

Талдықорғандық Виктор Ким – өткен жылдың соңында Париж қаласында екінші рет ұйым­дастырылған Vet Mandin­gueira фестиваліне Қазақ­станнан барған жал­ғыз қатысушы. Осы фес­тиваль аясында капоэйро-Calado тур­нирі өткен екен. Кіш­кен­­тай капоэйрошы сонда шар­шы алаңға шығып, қар­сы­ластарының барлығын жеңіпті. Сөйтіп Еуропа чемпио­ны атанды. Талдықорғандық жет­кіншектің жетістігіне жек­пе-жек өнерінің атасы саналатын Гранд Мештрэ Баххаоның өзі тәнті болып, тілектестігін білдірген екен.

– Виктор болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Жалпы, капоэйромен шұ­ғылдану дене еңбегін ғана емес, адамның сана-сезі­мін, ойлау қабілетінің тереңдігін қажет етеді. Өйт­кені бұл өнер соққы мен акро­батика элементтерінің жи­ын­тығы ғана емес, бүтін фило­со­фия­лық жүйеге құ­рылған қи­мыл-қозғалыс желісі. Яғни, ка­поэйрошыға күш, жыл­дамдық, ішкі қуатпен қа­тар сананы да жүрекпен бас­қара білу дағ­дысы тән. Шәкіртімнің бойы­нан осы та­лапқа сай келетін ұшқынды байқаймын. Нәтиже жаман емес. Францияда өткен чем­пио­натта жеңіс тұғырына көте­рілді. Еуропаның жас капоэйрошылары Виктордың мық­тылығын мойындады, – дей­ді жаттықтырушы Рустам Балабаев.

 

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Ана тілі – арың бұл...

Руханият • Бүгін, 13:10

Күрес: Алғашқы күні үш қола

Күрес • Бүгін, 09:00

Қылмыстық іс қозғалды

Аймақтар • Кеше

Басты ақпарат (21.02.2020)

Видео • 21 Ақпан, 2020

Ұқсас жаңалықтар