«Өз бостандығыңды бағала» деп аталған акцияға облыстағы мемлекеттік органдардың 25 басшысы қатысқан.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесіне қарасты РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері қамаудағылардың мекенжайын, тұрмыс-жағдайын көрсетті. Халық арасында «түрме» деп аталатын арнайы мекемелердің тар дәліздері, қылмыскерлердің серуендеу алаңдары, тергеу-орналастыру орындары орналасқан камералар келушілерге ерекше әсер еткені анық.
- Бұл акция мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға бағытталған. Олар сотталғандарды бүгінгі хәлін өз көзімен көріп, сыбайлас жемқорлыққа апаратын құқық бұзушылықтың салдары қандай болатынын сезінуі қажет» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті таратқан баспасөз парағында.
«Түрме туралы түсірілген талай фильм бар, ол жайында айтылатын әңгіме де көп. Бірақ өз көзіңмен көргеннің әсері бөлек екен» дейді аты-жөнін айтуды қаламаған мемлекеттік мекеме басшыларының бірі.
«Бұл акция болашақта да тұрақты өтіп тұрады» дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілдері.