Спорт • 29 Қаңтар, 2020

Таэквондошылар Түркияда өнер көрсетеді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3-5ақпан аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында таэквондодан деп аталатын ірі халықаралық турнир өтеді.

Таэквондошылар Түркияда өнер көрсетеді

Айтулы жарыста Қазақстанның намысын 11 спортшы қорғайды.

Ерлер арасында Елдос Ысқақ пен Әлімжан Серікбаев (63 кило), Елдар Бірімбай (68 кило), Қайрат Сарымсақов пен Лес Әбдісамат (74 кило), Нұрқанат Қожахмет пен Нұрлан Мырзабаев (80 кило) және Самайыл Дүйсебай мен Руслан Жапаров (+87 кило) күш сынасса, әйелдер сайысында Фариза Алдоңғарова (49 кило) мен Жансел Дениз (73 кило) сынды арулар өнер көрсетеді.