Жексенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Иран Ислам Республикасына сапармен барып, осы елдің жаңадан сайланған Президенті Хасан Руханиді ұлықтау салтанатына қатысты.
Жексенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Иран Ислам Республикасына сапармен барып, осы елдің жаңадан сайланған Президенті Хасан Руханиді ұлықтау салтанатына қатысты.
Иран Ислам Республикасында (ИИР) Конституция бойынша Мемлекет басшысы рухани көшбасшы – Рахбар немесе Жоғарғы басшы саналады. Қазір бұл елде рухани көшбасшы Аятолла Сейд Әли Хаменеи. Ол елдің жалпы саясатын анықтайды және әскери күштің бас қолбасшысы болып есептеледі. Сондай-ақ, елдегі негізгі басшы қызметтерге адамдар тағайындайтын да сол. Жоғарғы басшы елдегі ең жоғарғы сарапшы болып табылатын 86 адамның қалауымен сайланады.
ИИР президенті маңызы жағынан елдегі екінші адам болып есептеледі. Ол негізінен атқарушы биліктің тізгінін ұстайды. Елдің Министрлер кеңесін тағайындап, оның жұмысын үйлестіруші де президент. Бірақ министрлерді президенттің ұсынуымен лауазымды орынға парламент бекітеді. Қорғаныс министрі сияқты әлеует министрлерінің кандидатурасын парламентке ұсынбас бұрын президент Жоғарғы басшының келісімін алады.
Президент – халықтың тікелей дауыс беруімен төрт жылдық мерзімге сайланатын тұлға. Биылғы президент сайлауына түскен кандидаттардың саны өте көп болды, бірақ соның ішінде 17 адам сарапшылардың болжамы бойынша нақты үміткерлер еді. Бұлар, әсіресе, бұрынғы президенттер тарапынан қолдау көретін кандидаттар-тын. Олардың арасында елге барынша белгілі қайраткерлер, депутаттар, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, әскери қолбасшылар болды. Соның ішінде бұрынғы президент кеңсесінің басшысы Исфандияр Рахим Машаи мен Теһранның қазіргі мэрі Мұхаммед Багир Галибафты жеңеді деушілер көп болды. Ал Хасан Руханидің есімі үміткерлер тізімінің орта кезінде ғана болатын. Оның артықшылығы сол, ол ұстанымы салмақты либералдар қатарына жататын.
Президент М.Ахмадинежадтың кезінде ол халықаралық келіссөздерде Иранның делегациясын бастап жүрді. Бірақ, оның дипломатиясы әсіре оңшыл консерватор Ахмадинежадқа жақпаған болуы керек, ұзамай ол бұл міндеттен шеттетілген. Соңғы кездері 64 жастағы Хасан Рухани Мақсатқа сәйкестік кеңесі стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы болып келді. Сонымен бірге, оның бір кезде Ұлттық қауіпсіздіктің жоғарғы кеңесіне хатшы болып істегенін де айта кету керек. Бір сөзбен айтқанда, оның басып өткен қызметтік баспалдақтары президент лауазымына лайықтығын көрсетеді.
Сайлау барысында оның кандидатурасын Иранның бұрынғы президенттері Мохаммад Хатами мен Али Акбар Рафсанджанидің қолдағаны белгілі. Сөйтіп, Хасан Рухани 14 шілдеде болған сайлаудың алғашқы турында-ақ 51 пайызға жуық дауыс жинап, ИИР-дің кезекті президенті болып сайланды. Ол Иран Ислам Республикасы болып жарияланғаннан бергі 7-ші президент, ал жалпы сайлаудың өзі 11-ші рет өтіп отыр.
Иран заңы бойынша президенттікке тағайындалудың ең басты шарты – елдің Жоғарғы басшысының сайлау қорытындысын бекітуі. Бұл процедурадан Хасан Рухани сенбі күні өтті. Ал халық алдындағы ең үлкен салтанат – Президенттің парламент депутаттары алдында ант беруі. Біздіңше айтқанда, президентті ұлықтау рәсімі жексенбі күні болды. Оған өздерінің мәліметтеріне қарағанда, 50-ден артық елден және ондаған халықаралық ұйымдардан делегациялар қатысып, Иран Ислам Республикасы тарихында тұңғыш рет президентті ұлықтау ашық, халықаралық шара деңгейінде өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа оған Армения, Ауғанстан, Венесуэла, Гвинея-Биссау, Ливан, Пәкстан, Тәжікстан, Танзания, Того және Түркіменстан делегацияларын сол елдердің президенттері бастап келді. Ал Үндістан, Ирак, Беларусь, Ресей Федерациясы, Сирия, Шри-Ланка, Оңтүстік Африка Республикасы және т.б. елдердің делегацияларын вице-президент, премьер-министр, парламент спикері сияқты жоғары лауазымды тұлғалар басқарды.
Иран парламентінде 290 депутат бар. Соған лайық парламент үйі де біршама кең екен. Тыңдаушылар орынтақтары мінбердегі шешеннің сөздерін анық есту мақсатымен барлық жердегі сияқты дөңгеленте орналастырылыпты.
Ұлықтау рәсімін Парламент Төрағасы А.Лариджани