Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Қытай азаматтары үшін виза беру тәртібі өзгерді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 қаулысымен Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына кіру, болу және кету үшін жетпіс екі сағаттық визасыз режим 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай азаматтары үшін виза беру тәртібі өзгерді

Осылайша, аталған қаулы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

Бұл шара науқастар мен ауру жұқтырылған адамдардың Қазақстан Республикасына келу қаупінің жоғарылауын ескере отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында пневмонияның таралуын болдырмау үшін қабылданғанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтарына Уханьға және Хубэй провинциясына, сондай-ақ жалпы ҚХР-ның басқа аумақтарына барудан бас тартуға кеңес береді.