«Қалалық әкімдік инвесторлармен бірлесе отырып, Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында жаңа аурухана тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар «Үйдегі дәрігер» тұжырымдамасы да сәтті жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат – амбулаториялық орталықтың халыққа қолжетімді жерде болуы. Одан бөлек, өткен жылы №5 «Отбасылық денсаулық» орталығы ашылды. Ол өз кезегінде «Көктал-2»-нің 17 мың тұрғынын медициналық қызметпен қамтыды. Үстіміздегі жылы «Көктал-1»-ден 15 мың тұрғынды қамтитын тағы бір «Отбасылық денсаулық» орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда» деді Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді.
Оның айтуынша, аудан көлемінде 26 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді.
«Бүгінде біздің ауданда 26 денсаулық сақтау нысаны бар. Оның 14-і – мемлекеттік мекеме. Ішінара айтар болсақ, 6 емхана және оның 4 филиалы, 1 перинаталдық орталық, ЖҚТБ-ға қарсы күрес орталығы, дерматология орталығы және 7 қалалық жекешелендірілген жедел медициналық жәрдем станциясы. 2019 жылы ауданымызда 8 264 сәби дүниеге келді» деді ол.