Руханият • 29 Қаңтар, 2020

Алматыда Әл-Фараби орталығы-кітапханасы ашылды

1127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл осы сәттерде Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының басталуына орай Әл-Фараби орталығы-кітапханасы  ашылды.  

Алматыда Әл-Фараби орталығы-кітапханасы ашылды

Әл-Фараби орталығы-кітапханасының тұсаукесеріне  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, мемлекет және қоғам қайраткерлері келді.

Сондай-ақ әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының салтанатты түрде старт алуына БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, сонымен қатар, басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық фарабитанушы-ғалымдар қатысады.

Мерейтойдың мәртебелі қонақтары бүгін «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай ашылған Әл-Фараби орталығы-кітапханасын аралады. Ғұлама ойшылға арналған мұражай экспозияцияларымен танысып, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдар  қойылған көрмені, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне, Абай және Алаш қозғалысының қайраткерлеріне арналған залдарды, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залын көрді.

1

Сонымен қатар бүгін кітапханада мәдениет саласы бойынша Тұңғыш Президент – Елбасы мемлекеттік шәкіртақысын ресми табыс ету рәсімі өтеді.

Түстен кейін шара қатысушылары әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қояды, содан кейін Студенттер сарайында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы салтанатты түрде басталып, соңы мерекелік концертке ұласады.

ЮНЕСКО қамқоршылығымен халықаралық ауықымда кеңінен аталып өтетін әл-Фарабидің мерейтойлық жылы әлемнің 40-тан аса елінен қонақтардың басын қосады.

2