Қоғам • 29 Қаңтар, 2020

Елордада АӘК тағайындауға 2 мыңнан астам өтініш қабылданды

93 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осы жылдың басынан бері АӘК тағайындауға 2 185 өтініш қабылданды, 7 076 отбасы кеңес алуға жүгінді. Болжамдық мәліметтерге сәйкес, 4 мыңнан астам отбасыны АӘК-пен қамту жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада АӘК тағайындауға 2 мыңнан астам өтініш қабылданды

Биыл қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта тағайындала бастады. Оның мөлшері жанұяның барлық мүшелері үшін жан басына шаққандағы кірістер мен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайын жақсартуға қиын жағдайдағы азаматтарды мемлекеттік қолдау және өмірлік қиын жағдайдан шығуға олардың ресурстарын ынталандыруға бағытталған.

Отбасының жалпы кірісін есептеу кезінде елде және одан тыс жерлерде алынған барлық кірістер есептеледі. Бағдарлама бойынша ерікті қоныс аударушыларға көшу үшін біржолғы төлемді қоспағанда, жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер, тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен несие бойынша алдын ала төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы да кіріс ретінде саналады.

АӘК-ке еңбекке жарамды отбасы мүшелерін тағайындаудың міндетті шарты – олардың жұмыспен қамтылуы. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмысқа және жұмысқа орналасуға ықпал ету шараларынан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес, бүкіл отбасына тоқтатылады.

Үміткерлерге жұмыспен қамтуға жәрдемдесу түрінде жұмыссыздықтан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру және қайта даярлау, мемлекеттік гранттар беру, оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасын ұйымдастыру, мақсатты топтағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кеңес беру секілді қызметтер көрсетіледі.

«Электрондық еңбек биржасы» деректер базасында (www.enbek.kz) 6 003 жұмыс берушіден 6 543 бос жұмыс орны бар. Оның ішінде жалақысы 100 000 теңгеге дейін - 3 446 бос жұмыс орны, жалақысы 100 000-1 000 000 тенге 1 574 бос жұмыс орны және жалақысы 150 000 теңгеден асатын 1 523 бос жұмыс орны жарияланған. Сондай-ақ аз қамтылған азаматтар қатарынан адамдарды жұмысқа орналастырудың икемді кестесі бар бос жұмыс орындары берілген.

Сондай-ақ АӘК алатын аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілетін болады. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік пакетке мектептегі күнделікті ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу құралдары кіреді, қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы жеңілдікпен қамтамасыз етіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерімен қатар, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда барлық көп балалы отбасыларға, олардың табыстарына қарамастан, мемлекеттік балалар жәрдемақысы енгізілді. Оның мөлшері балалар санына қарай белгіленеді (4 бала - 42 496 теңге, 5 бала - 53127 теңге, 6 балаларға – 6 3757 тг, 7 және одан жоғары - 74 388 тг). «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар үшін ай сайын 16 973 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Айта кетсек, АӘК тағайындау туралы өтініш айдың басына немесе аяғына қарамастан кез келген уақытта қабылданады.