Парламент • 29 Қаңтар, 2020

Асқар Шәкіров Азамат Шамбиловпен кездесті

31 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров «Penal Reform International» (PRI) ұйымы Орталық Азиядағы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбиловпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның осы халықаралық ұйыммен ынтымақтастығының тиімділігі атап өтілді.

Сенат Төрағасының орынбасары «Penal Reform International» Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесін реформалауға, пенитенциарлық органдар қызметкерлерін кәсіби даярлау мен пробация қызметін дамытуға, сотталғандарды әлеуметке қайта тарту мен жазаны орындаудағы үздік тәжірибелермен танысуға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

PRI өкілдігі сондай-ақ Қазақстанда алдын алу жөніндегі ұлттық тетіктерді құру мен қалыптастыруда, оның заңнамалық бекітілуі мен жүзеге асыруда басты қатысушылардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы алдын алу жөніндегі ұлттық тетіктер мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының үлгісі әрі жабық мекемелерді қоғамдық бақылаудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.

А.Шамбилов Қазақстандағы қылмыстық сот ісін жүргізу мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған реформаларды жоғары бағалады. Оның пікірінше, елімізде кейінгі кезде қабылданған заңдар осы реформаларды іске асыру үшін құқықтық базаны құрап отыр.

Тараптар кездесу соңында нәтижелі ынтымақтастықты, оның ішінде заң шығару саласындағы байланыстарды өрістету қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда зертханалар саны артады

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 17:10

Пәлсапа – Бекзат сана

Қазақстан • Бүгін, 15:46

Талдықорғаннан Тайыншаға дейін...

Қазақстан • Бүгін, 14:55

Тегеуріні темірдей Темірбаев

Қазақстан • Бүгін, 14:26

Карантинде шырқалған әнұран

Қазақстан • Бүгін, 13:16

Ұқсас жаңалықтар