Дегенмен, 1 сәуірден бастап барлық азаматтар сақтандырылған болуы керек. Өйткені медициналық қызметтердің толықтығы мен сапасы осыған байланысты болмақ.
Сонымен бүгін қала қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық қалалық клиникалық ауруханасы мен №4 қалалық емханасында болып, бұл емдеу мекемелерінің МӘМС жүйесі бойынша қалай жұмыс істеп жатқанын тексерді.
Мегаполис әкімі осы жаңа жүйе бойынша медициналық көмек көрсету жұмысымен танысып, ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің дайындығы мен пациенттердің бұл жүйеге деген пікірін сұрастырды.
Сондай-ақ Алматыдағы медициналық ұйымдарында қолдау қызметтері жұмыс істейді. Онда пациенттерге емханаға тіркелуге және МӘМС жүйесінің қатысушысы болуға көмек беріледі. МӘМС-ке төлем жүргізу үшін терминалдар саны артады.
«Алматылықтарды денсаулыққа қатысты маңызды мәселені кейінге қалдырмай, емханаға жүгінуге шақырамын» деп жазды Б.Сағынтаев өзінің ресми Instagram парақшасында.
Өз кезегінде МӘМС-ті енгізу процесіне қалалық штаб жетекшілік етеді.
Алматы қаласы әкімдігі қанадй да сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 300-0103 телефоны арқылы, сондай-ақ 1406 нөмірі бойынша республикалық Call-орталығына хабарласу қажетттігін ескертеді.
Және бұл күндері Алматыда БДСҰ ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтіліп отыр.