Танымал американдық режиссер Instagram желісі арқылы әкіммен әңгімелесіп, нақты қай күні келуге болатынын сұрапты.
Түркістан әкімі Бэйді «Наурыз» мейрамына қарсы 21 наурызға шақырды.
«Түркістанға келген кезде біздің халықтың қонақжайлығын көрсетеміз, Түркістан қаласында қандай халық тұратынын білетін болады. Егер тағы фильм түсіргісі келсе, қолымыздан келгенше көмегімізді аямаймыз» дейді Рашид Аюпов.
Түркістан әкімі жаңадан түсірілген фильмге наразы болып, АҚШ режиссеріне үндеу жариялаған еді.