Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Алматыда Білім және ғылым министрі студенттермен кездесті

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет тарапынан педагогтардың мәртебесін арттырып, білім  беру жүйесін дамытуға байланысты кешенді жұмыстардың атқарылып жатқаны белгілі. Педагог мәртебесін арттыруға байланысты заң қабылданды.

Алматыда Білім және ғылым министрі студенттермен кездесті

Жаңа заң өскелең ұрпақ тәрбиесіне араласатын педагог мамандар үшін қандай мүмкіндіктер береді? Алдағы уақытта еліміздегі білімнің сапасы арта ма, жергілікті жерлерде мектептер жетіспеушілігі шешіліп, материалдық базасы жаңара ма, алыс аймақтарға педагог мамандар бара ала ма?

Міне, сауалы көп саланың болашағына қатысты туындаған сұрақтарға Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде болашақ педагог мамандармен кездесуінде  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап беріп, білім саласын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар барысынан хабардар етіп өтті.

Еркін диалогқа құрылған жиынға Қыздар педагогикалық университеті, Абылайхан атындағы шет тілдер университетінен екі жүзге жуық студент қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Сұрақтардың басым көпшілігі жоғары оқу орындары мен мектептердегі зертханалардың заманауи талаптарға сай келмеуімен, жекелеген пәндерді оқытуда кездесетін қиындықтар мен оқулықтар сапасы, дәстүрлі білім беру мен дуалды оқыту жүйесіндегі үйлесімді-үйлесімсіз тұстармен байланысты өрбіді.

 

 

Алматы