Үкімет • 29 Қаңтар, 2020

Мұхтар Тілеуберді Хайко Мааспен кездесті

155 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Берлинге жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ГФР Федералдық Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен өткен жылғы желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша «сағаттарды теңістеру» үшін кездесті. Тараптар, сондай-ақ алдағы кездесулер мен жоғары деңгейдегі сапарлардың күнтізбелік жоспарын талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұхтар Тілеуберді Хайко Мааспен кездесті

Германия СІМ басшысы Х. Маас Президенттің бейбіт жиналыстар бостандығы, саяси партияларды қалыптастыру, өлім жазасын жою және т.б. салаларда жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады.

Сонымен қатар М. Тілеуберді ГФР ірі компанияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізіп, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, көлік-логистикалық бизнесті дамыту, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері мен нақты жобаларды талқылады.

Неміс бизнесмендері Президент Қ. Тоқаевтың ГФР-ға желтоқсан айында жасаған сапарының қорытындысын, оларға ұсынылған неміс компаниялары үшін қолдаудың бірегей шарттарын және Премьер-Министрдің орынбасары төрағалығымен Герман инвесторларымен өзара іс-қимыл жасау үшін арнайы жұмыс тобын құруын жағымды бағалады. Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Герман тарапының шақыруымен құрметті қонақ ретінде Герман экономикасы Шығыс комитетінің (ГЭШК) жаңажылдық қабылдауында сөз сөйледі. Іс-шараға ГФР, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, жетекші Герман компаниялары мен бизнес-қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Министр М. Тілеуберді өз сөзінде екі елдің бизнес қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін ШКГЭ-ге алғысын білдірді. «Біз үшін ГФР - Еуроодақтағы негізгі серіктес. Біз Германия Қазақстанмен ынтымақтастыққа аса маңызды мән беретініне қуаныштымыз. Біздің елімізге Германияның Орталық Азиямен тауар айналымының 86% келеді. Қазақстанда жұмыс істейтін 900-ге жуық неміс компаниясы біздің экономиканы жаңғырту мен дамытуға елеулі үлес қосуда» деп түйіндеді сыртқы саяси ведомство басшысы.

Министр неміс бизнесмендерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырып, қазақстандық нарықтың инвестициялық тартымдылығын арттыратын және өзара тиімді қызмет үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтетін бірқатар преференция мен жеңілдікті шарттарды атап өтті. Іскерлік топтар ҚР-дағы инвестициялық жобаларын және қатысуын арттыруға мүдделі екендіктерін білдіріп, сондай-ақ, неміс жобаларына Қазақстан Республикасының басшылығына ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Іс-шара аясында М. Тілеуберді ГФР Экономика және энергетика федералдық министрі Петер Альтмайермен кездесіп, ол Қазақстан басшылығына неміс бизнесіне ерекше назар аударғаны үшін, Германияның қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейтуге және біздің елімізге және жалпы өңірге инвестицияларды арттыруға әзір екендігі үшін алғысын білдірді. Ол ағымдағы жылдың маусым айында ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына сапар жасауға дайындығын растады.

Қазақстан СІМ басшысының Берлинге сапары Мемлекет басшысының 2019 жылғы желтоқсандағы ресми сапары барысында берілген екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын растады. 

Герман экономикасының шығыс комитеті 1952 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты - шетелдегі герман бизнесін қолдау, құқықтық қауіпсіздік пен нормативтік талаптарды қамтамасыз ету, сауда және визалық кедергілерді жою, жалпыеуропалық экономикалық кеңістік құру. Стартап пен отбасылық компаниялардан бастап DAX индексіне кіретін ірі акционерлік қоғамдар мен ТНК-ға дейін 200-ге жуық түрлі кәсіпорынды біріктіреді.

Ұйым, сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен ҚХР-дан озып, неміс сыртқы сауда көлемі бойынша бірінші орынды алатын аймақ - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 28 елінде неміс бизнесінің мүдделерін білдіреді.