Үкімет • 29 Қаңтар, 2020

Қазақстандық бітімгерлер - Үндістанда

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан елінің өкілдерімен бірлескен «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясын орындау бойынша әскери қызметшілерді даярлау басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстандық бітімгерлер - Үндістанда

Қазіргі таңда құрамында 29 әскери қызметшісі бар қазақстандық бітімгершілік полкінің төртінші бітімгершілік ротасы Үндістандағы Нью-Дели қаласында.

Бір ай бойы олармен дайындық бойынша сабақтар өткізіледі. Мәселен, бекеттер блогында және бақылау пункттерінде қызмет атқару, базаны күзету және жаяу тәртіпте және автомобиль техникасында патрульдеу бойынша сабақтар.

Оқу барысында БҰҰ-ның ұйымдастырылуы мен құрылымы, Ливан Республикасының географиялық орналасуы және миссияны орындау кезінде бітімгершілік күштерінің контингентін басшылыққа алатын негізгі нормативтік-құқықтық актілер қаралып, түсіндірілетін болады.

2020 жылы мамыр айында Ливанға «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясын орындау үшін 4-ші бітімгершілік ротасы аттанады. Қазақстандық рота бітімгершілік миссиясын Үнді батальоны құрамында орындайтын болады.