Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жәлелұлы кадр резервіне алынды. Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

С. М. Күдебаев 1965 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

2009-2013 жылдары Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қалалық Полиция департаментін басқарды.