Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыға Қытай курорттарынан 536 турист келді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға қытай курорттарынан 536 турист келді. Олардың ішінде шетелдік азаматтарда бар. 29 қаңтар күнгі сағат 10-00-дегі деректерге сәйкес, ҚХР курорттарынан 536 турист келді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыға Қытай курорттарынан 536 турист келді

«Оның ішінде сағат 19-50-де (28 қаңтар) Санья қаласынан Нұр-Сұлтанға Tez tour» компаниясының 295 турисі және 29 қаңтар күні сағат 00-25-те Хайкоу қаласынан Алматыға «Aeroling» компаниясының 241 турисі келді» деді комитеттегілер. Қытайдан келгендердің 525-і Қазақстан азаматтары, ал 11-і шетелдіктер. Шетелдіктердің барлығы да Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Жолаушылардың тізімі еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне берілген.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы әуежайларының қызметкерлері ұсынған деректерге сәйкес, төтенше жағдай орын алған жоқ. Айта кетерлігі, 29 қаңтар күні сағат 17-30-да Алматыға Санья қаласынан 236 адам келуі тиіс. Олардың 201-і қазақстандық турист.