«Есепті кезеңде №88 мектеп ашылды, 550 орынға есептелген «Пригородный» тұрғын алабында №24 мектепке қосымша құрылыс салынды. Мұнда біз Оқушылар сарайының филиалын аштық. Сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан Е-321 көшесінде салынған 240 орындық балабақша ашылды. Бұл балалар үшін тағы 1 700 орынды қамтамасыз етті» деді аудан әкімі.
Оның айтуынша, ауданда 7 мектеп оқушыларға толы. «1 200 орынға есептелген мектептер 2,5-3 мың баланы, 59 мектепте 4,2 мың баланы оқытады.
Осыған байланысты біз осы бағытта үлкен жұмыс жүргізіп келеміз. Келесі жылы 4 мектеп пайдалануға беріледі, сәйкесінше, бұл бізге көптеген мектептерді жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді Берік Жәкенов. Сонымен қатар, ауданда МЖӘ бойынша балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ 600 орындық мектеп ашылады. Аудан әкімі өткен жылы іске қосылған «Open Akimat» ашық әкімдік алаңы жайлы да сөз қозғады. Аталған орталықтан 4 айдың ішінде 18 мың Есіл ауданының тұрғыны өз мәселелерін көтеріп, жауап алған. «Біздің аудандық әкімдік өткен жылдан бастап «Open Akimat» жүйесімен жұмыс істеуді бастадық. Егер алғашқы кезде әкімдікке түрлі сұрақтармен 250-300 адам келсе, қазір күніне 100 адамдай келеді.
Бұл дегеніміз аталған жүйенің тиімділігін көрсетеді. Яғни азаматтар бұрынғыдай бірнеше сұраққа жауап алу үшін бірқатар жерге бірнеше күн қатарынан келмейді. Бір келгенде бір жерден бірнеше мәселенің жауабын алу мүмкіндіктері бар. Азаматтардың қайталануы қысқарды. 2019 жылдың қыркүйегінде ғана ашылған әкімдіктің ашық алаңына 18 мың тұрғын өз сұрақтарына жауап алды. Оның ішінде 3 мыңы нақты біздің аудан әкімдігіне қатысты сұрақтар» деді Берік Жәкенов.
Одан бөлек, аудан әкімі әкімдік тарапынан мұқтаж жандарға берілетін көмек жайлы баян етті.
«Әкімдік алдындағы басты сұрақтардың бірі – көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету. 2019 жылы 470 есілдік көпбалалы отбасы қолдау сұраған. Оның ішінде «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы мен шағын және орта бизнес өкілдерінің қолдауымен 368 отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек, киімдей және көмір алып беру көмегі берілді. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында 241 бала мектепке қажеттіліктермен қамтылды. Ауданымызда 50-ден астам отбасының баласы тегін түрде қосымша сабақтарға қатысады және тегін тамақ қарастырылған. Және 20 отбасыға отын жағынан көмек көрсетілді»деді ол.