Қоғам • 30 Қаңтар, 2020

Екі қытай азаматы тексерілуде

104 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытайдан шыққан коронавирус ауруы ел ішінде үреймен қатар түрлі әңгімелерді де тудыруда. Жамбыл облысында да осы уақытқа дейін түрлі әлеуметтік желілер арқылы Шу ауданы теміржолы маңында арнайы киінген қызметкерлердің суреті тараған болатын. Сонымен қатар жіберілген хабарламаларда Үрімжі қаласынан келген Цу Жан Хуй есімді 1972 жылы туған азаматтың мәліметтері жазылған еді. Соңынан Шу ауданына қы­тайлық азаматтардың келгені, олардың жедел респираторлық вирустық инфекциялар күдігімен ауруханаға жатқызылғаны расталды.

Екі қытай азаматы тексерілуде

Қазір Жамбыл облысының Шу ауданына келген қытай азаматтары коронавирусқа тексерілу үстін­де. Абырой болғанда шетелдік азаматтар коро­на­вирусқа шалдықты деген хабар нақтыланған жоқ. Бұл ретте көпшіліктің дүрлігуі негізсіз. Атап айт­сақ, Шу қаласының теміржол бекетінен 29 қаңтар күні таңғы сағат 05:45 шамасында 103 нөміріне ви­рус­ты инфекция жұқтырған болуы мүмкін деген адам­дардың бар екендігі туралы хабар түскен. Ар­тынша Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқар­масының қызметкерлері №86 «Сарыағаш-Нұр-Сұл­тан» бағытындағы пойыздан қытайлық екі азаматты түсіріп алып, Шу аудандық орталық аурухана­сына жеткізген. Ал Жамбыл облысы әкімдігінің мәлі­метін­ше, олар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде медициналық бақылауға алынып, же­дел респираторлық вирустық инфекциялары бар деген диагноз қойылған. Қытайлықтардың жағдайлары бүгінде бірқалыпты. Олардың дене қызуының көтерілуі де байқалмаған. Енді «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойыздың сол вагонында болған бұл жолау­шылар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында бола­ды. Бүгінде облыстың медициналық орталықтары мен Шу ауданының медициналық ұйымдары жеке қор­ғану құрылғыларымен, дәрілік препараттармен, бір рет қолда­нылатын бетперделермен және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

 

Жамбыл облысы