Теннис • 30 Қаңтар, 2020

Федерация кубогына қатысады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпанның 7-8 күндері Бельгияның Кор­трейк қаласында теннистен Феде­рация кубогының іріктеу турнирі өтеді. Бұл сында Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарымен күш сынасып, финалдық кезеңге жолдама алуға тырысады.

Федерация кубогына қатысады

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев Федерация кубогы аясында Бельгия теннисшілеріне қарсы кортқа шығатын қыздар құрамасының тізімін жария­лады. Олар: Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина және Ярослава Шведова. Я.Шведова бұрнағы жылы ана атанып, былтыр үлкен кортқа қайта оралған болатын.