Теннис • 30 Қаңтар, 2020

Жарысты жеңіспен бастады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Германияның Магдебург қаласында үстел теннисінен ITTF World Tour Platinum – German Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сынға Қазақстан атынан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова қатысуда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жарысты жеңіспен бастады

Бірінші жарыс күнінде Анастасия Лаврова жапониялық Хонока Хашимтомен кездесті. Өкінішке қарай, жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегеріне қарсылық көрсете алмады. Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко алғашқы бәсекесінде жапондық Сонэ Какерден басым түсті. Келесі айналымда Герасименко гер­маниялық Вальтер Рикардоға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, German Open – Халық­аралық үстел теннисі федерациясының ұйымдастыруымен жыл сайын Германияда өтетін турнир. Бүгінде аталған доданың жүл­де қоры 235 000 АҚШ долларын құ­райды.