Спорт • 30 Қаңтар, 2020

Түркияда өнер көрсетеді

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3-5 ақпан аралығында Түркияның Ыс­танбұл қаласында таэквондодан ха­лықаралық турнир өтеді. Онда Қазақстанның намысын 11 спортшы қорғайды.

Түркияда өнер көрсетеді

Ерлер арасында Елдос Ысқақ пен Әлім­жан Серікбаев (63 кило), Елдар Бірімбай (68 кило), Қайрат Сарымсақов пен Лес Әбдісамат (74 кило), Нұрқанат Қожахмет пен Нұрлан Мырзабаев (80 кило) және Смайыл Дүйсебай мен Руслан Жапаров (+87 кило) күш сынасса, әйелдер сайысында Фариза Алдоңғарова (49 кило) мен Жансел Дениз (73 кило) сынды арулар өнер көрсетеді.