Саясат • 30 Қаңтар, 2020

Жағдай жеделдікті талап етеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқы кезең жағдайындағы жедел ахуал туралы брифинг өтті. Онда Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин төтенше жағдайларға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жағдай жеделдікті талап етеді

Ішкі істер министрі орын­ба­сарының сөзіне қарағанда,  ауа райының нашарлауына бай­ланысты автожолдар 418 рет жабылып, жолдың 44 учаске­сінде көлік жүрісіне шектеу қо­йылған. Бір сөзбен айтқанда, барлық учас­кеге блок-бе­кет­тер орнатылған. Соның өзінде қар құрсауында 2933 техни­ка қалған. Олардың бәрі дер ке­зінде шығарылып, жылыту пункт­теріне 1483 адам, соның ішінде 128 бала орна­лас­тырыл­ған. (Нұр-Сұлтан – 58, Ақмола – 928, Ақ­төбе – 53, Қарағанды – 249, Пав­лодар – 195).

Осылайша авария­лық-құтқару жұмыстары мен жол­дарды тазалау тәулік бойы жүргі­зілуде. ТЖ комитетінде және ТЖ бойынша 10 өңірлік департаментте (Ақмола, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Түркістан, Нұр-Сұлтан қ.) жедел штабтар құрылған. Соған сай «Қауырт желі» жұмысы ұйымдастырылып, оған 454 қоңырау түскен. Сөйтіп осындай қауырт жұмыстардың нәтижесінде аталған кезең ішінде барлығы 3377 адам, соның ішінде 335 бала қар құрсауынан құтқарылып, 3677 адам, соның ішінде 265 бала қауіпсіз жерге орналастырылды. 2933 түрлі техника қардан аршылды.