Алдағы уақыттарда да бұл жерді көркейту, тұрғындарға мүмкіндігінше жағдай жасау қарастырылған. Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Көне Тараз» этно-тарихи кешенінде бизнес құрылым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Тараздың ірі кәсіпорындарының жетекшілері мен бизнес өкілдері 15-шағынауданды қаланың жаңа мәдени-іскерлік орталығына айналдыру жөніндегі жобаларымен танысты.
Сонымен қатар, бизнес өкілдеріне енді салынатын нысандардың эскизі де таныстырылды. Оларға 15-шағын ауданның жобалық-сметалық құжаттары мен қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілгендігі туралы мәлімет берілді. Бұл бастамаға бірқатар бизнес өкілдері қызығушылық білдіріп, қалталы азаматтар жер телімі, құрылыс көлемі мен оның мерзімі туралы сұрақтарына тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.
Әкім Айтқазы Қарабалаев қалталы азаматтарды қаланың көркейіп, гүлденуіне өз үлестерін қосуға және жаңа жобаға өз инвестицияларын салуға шақырды.
Жамбыл облысы