Руханият • 30 Қаңтар, 2020

Георгиос Стейрис: Қазақстан әл-Фараби мен Абай секілді тұлғаларына арқа сүйейді

595 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл еліміздегі ең ауқымды оқиғалар қатарында әл-Фарабидің 1150 жылдығы да бар екені баршаға аян. Осылайша, бұл күндері Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ресми түрде басталды.

Георгиос Стейрис: Қазақстан әл-Фараби мен Абай секілді тұлғаларына арқа сүйейді

Биыл ЮНЕСКО аясында халықаралық ауқымда кеңінен аталып өтетін ғұлама ғалымның мерейтойына әлемнің 40-тан аса елінен қонақтар келгенін бұған дейін де баяндаған едік.

Салтанатты жиында Каподистрия атындағы Афина ұлттық университетінің Орта ғасыр философия және қайта өрлеу дәуірі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Георгиос Стейрис сөз сөйледі.

– Мен философияның отаны саналатын қалада дүниеге келдім. Сократ, Платон және Аристотель Афинада философияның негізін қалады. Олардан соң философия Шығыста тарала бастады, онда философиялық ойдың барлық аспектісін екінші ғалым дамытты. Әбу Насыр әл-Фараби платондық және аристотельдік ойларды Шығыс дәстүрлерімен байланыстыруға  ұмтылды және Ұлы Еуразия даласына философияны алып келген.

Оның үстіне, оның Ұлы музыка кітабы аса маңызды ортағасырлық музыкалық трактат болып табылады. Әл-Фарабидің философия тарихындағы орны негіздеуші екені назар аударарлық, өйткені оның шығармашылығы мен қызметі Қазақстан, Ирак, Сирия және Мысырдың тарихи жерлерін, Жерорта теңізінен Қытай шекарасына дейінгі барлық ұлы өркениеттерді біріктірді. Нәтижесінде ол Аристотельден кейінгі ұлы философиялық беделге ие болды.

Философия тарихындағы маңыздылығынан бөлек, әл-Фараби идеялары әлі де өзекті. Оның философиясы Платон мен Аристотельден біраз шабыт алғанымен, ол басқа әлемді бейнелеудің маңызды және қызықты тәсілдерін өз көзқарасымен көрсетеді. Моно тілді және моноэтникалық қаланың орнына әл-Фараби ілімі кең ауқымды мультимәдени, көптілді және көпконфессиялы жаһандық мемлекет болып табылады. Ол жаһандануды ойлаған және сол идеяны алға тартқан бірінші адам. Ол ежелгі гректердің мейірімді қала идеясын сақтауға ұмтылады, сондай-ақ, мейірімді қауым мөлшерін арттырады. Оның пайымдауы маңызды және ықпалды болып қала бермек. Өйткені әл-Фарабидің жаһандық мемлекеті ақыл-ой мен шыдамдылық арқылы басқарылады. Ешбір діни немесе этникалық дәстүр екіншісін  жоққа шығармайды.

Әл-Фараби Ислам мен классикалық грек философиясының қиылысында көтерілген мәселелерді алғаш рет зерттеген ерекше философ. Ол екі жақты да дамытатын философиялық және діни бейімделудің  үлгісін көрсете алды. Мен әл-Фараби есімі мен зерттеулерін көрсетуге ұмтылған форум ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Қазақстан халқы үшін  олардың шыққан тегі, еңбектері санаға негізделген философпен байланысты екендігін білу аса маңызды. Ол барлық заттың негіздемесін қалаған. Бұл қуатты және керемет ұлттардан тұратын мемлекет, оның көшбасшылары басқалардан көреген, себебі олар әл-Фараби мен Абай секілді тұлғаларға арқа сүйейді, – деді Георгиос Стейрис.