Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020

Digital Atameken: 1 миллионнан астам пайдаланушы 400-ден астам қызмет түрін алады

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы өткен жылға жасаған жұмыстардың есебін беріп, ағымдағы жылдың жоспарларымен бөлісті. Палата директоры Нариман Әбілшайықов, Палатаның Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев, сондай-ақ Өңірлік кеңес мүшелері және Алматы қаласының кәсіпкерлері қатысқан жиында жетістіктермен қатар саланы толғандырған мәселелер де айтылды.

Digital Atameken: 1 миллионнан астам пайдаланушы 400-ден астам қызмет түрін алады

Кәсіпкерлер палатасының деректеріне сүйенсек, 2018 жылмен салыстырғанда іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің, жалпы өңірлік өнім бюджетке түсетін 13,9 түсімдер 4,8% - ға, бөлшек сауда айналымы 12,0% - ға, инвестиция көлемі 4,9%-ға өскен. Осы орайда «Бастау» және «Жас Кәсіпкер» бағдарламаларының нәтижесін атап өтуге болады. Бағдарлама аясында 6900 адам оқып, олардың 2817 грант иегері атанса, бүгінде олардың 3 500-ден астамы оңтүстік астанада өз ісін ашқан кәсіпкерлер. Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, бүгінде «Атамекен қолдау орталығы» мобильдік жұмыспен қамту орталықтары белсенді. Қаладағы осындай 12 орталыққа 23,6 мың адам кеңес алуға және жұмысқа орналасу бойынша жүгінген. Сонымен қатар  жыл басынан бері жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін ҰКП-ның Білім беру ұйымдарының тізіміне қосымша 74 оқу орталығы енгізіліп отыр. Қысқа мерзімді кәсіби оқытумен 2573 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатары қамтылды, олардың 1265 жоба тыңдаушылары, 904 жұмысқа орналастырылды (жұмысқа орналасу пайызы-72 %). Қаржылық емес қолдау аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 5 867 қызмет түрлері көрсетіліп, «Бизнес-Мектеп» компонентінде 2525 адам, «Іскерлік қатынастар» құралы бойынша 100 адам оқытылған. «Аға сеньорлар» компоненті бойынша кәсіпорындарға 5 міндеттер өткізілді. Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына 138 өтініш келіп түсіп, оның 50%-ы оң шешімін тапты. Айыппұлдар, салықтарды жою, мүлікті заңсыз алып қою және т. б. байланысты 10,9 миллиард теңгеге кәсіпкерлер құқығы қорғалған. Палата тарапынан 18 әкімшілік кедергілер анықталған.

Нариман Әбілшайықов атап өткеніндей, бүгінде бизнеске көрсетілетін барлық қызметтерді цифрландыру жүргізілуде. «Атамекен» ҰКП-да жаңа мақсатты «Digital Atameken» тұжырымдамасы әзірленсе, бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін сандық экожүйе болып табылады. Алдағы уақытта 1 миллионнан астам пайдаланушыны қамтитын «бір терезе» қағидаты арқылы 400-ден астам қызмет түрлерін ұсыну жоспарланып отыр.

 

АЛМАТЫ