Ол қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту.
2019 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында республика деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Осы мақсатта жалпы көлемі 62 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Соның ішінде 14 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалса, қалған 48 млрд теңге демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен тартылды.
Жалпы, 2017-2019 жылдары еліміз бойынша 11 173 меценат және 274 млрд теңге көлемінде қаражат тартылған. Сонымен қатар 2019 жылы 825 жаңа нысан салынды және 547 нысан жаңартылды.
Меценаттардың қолдауымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары т.б. салынған және жөндеуден өткізілген.
Мәселен, қыркүйек айында Қостанай облысында меценаттардың атсалысуымен мектеп оқушыларының жаңа заманауи технологияларды еркін игеруі үшін 3 IT-технология және робототехника кабинеті жасақталды.
Қарағанды облысы Степное ауылында мәдениет үйінің ғимараты демеушілер есебінен жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Ақмола облысында «Нұр Астық» ЖШС есебінен Мықтыкөл ауылдық мектебінің ғимараты жөндеуден өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында «Дайындық Агро» ЖШС-ның демеушілік көмегімен Дайындық ауылының жолдары 60 млн теңгеге жөндеуден өткізілді.
Ақтөбе облысының Темір ауданында «Сәт» шаруа қожалығы басшысының қолдауымен Бірлік ауылында көпір салынды. Алматы қаласында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен 1200 орынға арналған мектеп, 500 адамға арналған емхана, «Жарыс Арена» кешені салынды. Орталық мәдениет және демалыс саябағын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қызылорда облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен: Шиелі ауданында спорттық-сауықтыру кешені құрылысына қолдау көрсетілді; Ақүйек және Өзгент ауылдық округтерінде медициналық амбулаториялар қолданысқа берілді; Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінде 80 орынға арналған балабақша салынды.
Маңғыстау облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен 500 орынға арналған мәдениет үйі, 12 спорт кешені мен 39 балалар ойын алаңы салынды.
«Өлкетанулық қызмет» бағыты бойынша туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатымен 5-7 сыныптардың мектеп бағдарламасына «Өлкетану» оқу курсы енгізілді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 1670 мектеп музейі , 2179 өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Олардың жұмысына 46,9 мың бала, 93 оқушылар сарайы, 4 жас натуралист сарайы, 18 аула клубы тартылған. 3 жыл ішінде (2017-2019 жылдары) 1 млн астам оқушы қамтылды.