Спорт • 30 Қаңтар, 2020

Спорт саласының 2019 жылғы үздіктері анықталды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде облыстық спорт басқармалары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен жиналыста 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар анықталды.  

Спорт саласының 2019 жылғы үздіктері анықталды

«Жылдың үздік спорт ұйымы» аталымы бойынша - «Алматы облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі»;

«Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы-әдіскер» аталымы бойынша: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы «Дене шынықтыру-спорт кешені» спорт нұсқаушысы - Руслан Нұрланұлы Досалиев;

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» аталымы бойынша: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі;

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» аталымы бойынша: «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» көкпардан жаттықтырушы-оқытушысы – Ерғали Жоламанұлы Тоқабаев;

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» аталымы бойынша: «Шымкент қаласының №16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары -  Гайрат Тешебайұлы Усманов марапатталды.

Жеңімпаздарға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова атаулы сертификаттар, естелік статуэткаларды табыс етті.